Атырауда «Даналық көпірі» тұрғындармен интерактивті кездесуі өтті

Атырауда «Даналық көпірі» тұрғындармен интерактивті кездесуі өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Атырау облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты тұрғындармен интерактивті кездесу өтті.

Іс-шараға Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің мүшелері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.

Кездесуге қатысқан сала мамандары тұрғындардың көтерген сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сондай-ақ қаладағы тұрғын үй инженерлік инфрақұрылымдары, жастар тәрбиесі мен отбасы құндылықтары сында тақырыптар да қозғалды.