Өңірде Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған тегін оқыту курстары жүзеге асуда.
Соның бірі, IT және AI бағытындағы курста - ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі білім мен дағдыларды үйренуге мүмкіндік беріледі.
Оқыту дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, сағат 10:00 мен 11:30 аралығында өтеді. ІТ бағытындағы курсқа тіркелу үшiн +7(778) 488-18-95 нөмеріне хабарласыңыз.
Сондай-ақ, сенімді сөйлеу әдістерін меңгеріп, көпшілік алдында еркін сөйлеу мен сһздік қорды байыту, дауыс ырғағын басқару техникаларын үйрететін «Ораторлық өнер» курсы да өткізілуде.
Курс сейсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері, 17:00-18:30 аралығында өтеді. Тіркелу үшiн +7(776) 054-80-62 нөмеріне байланыса аласыз!
📍Мекен-жайы: Нұрсая ы/а, Р.Ғабдиев 42