Атырау жастарына арналған тіл үйрету курстары өтеді

Атырау жастарына арналған тіл үйрету курстары өтеді

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған тегін ағылшын және түрік тілдері курсы өтеді.

Ағылшын тілі - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері төмендегі реттілік бойынша өткізіледі:

  • «Beginner» - 15:00-16:30;
  • «Elementary» - 16:30-18:00;
  • «Pre Intermediate» - 18:00-19:30.

Түрік тілі - сейсенбі, бейсенді мен сенбі күндері:

  • А1 деңгейі - 15:00-16:30;
  • А2 деңгейі - 16:30-18:00.

Курстар 26 наурыз күні басталып, әр деңгей 3 ай оқытылады.

Аталмыш курстар жастардың жаңа тілдерді меңгеруіне қолайлы жағдай жасап, тілдік дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.

Мекен жайы: Нұрсая ы/а, Р.Ғабдиева 42

Тіркелу үшiн: +7(701) 165-85-25