
Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 18-35 жас аралығындағы жас психологтарға арналған «Жасөспірімдердің психологиясы: эмоционалды және әлеуметтік дағдарыстарды басқару тақырыбындағы екі күндік оқыту семинары өтті.
Іс-шара жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру және психологиялық қолдау көрсету саласындағы білімдерін арттыру мақсатын көздейді.
Семинарға білікті спикерлер шақырылып, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Бірінші күні қатысушылар дәрістер тыңдап, маңызды ақпараттармен танысса, екінші күні практикалық тапсырмалар орындап, қосымша тақырыптарды талқылады.
Семинар-тренинг арқылы жастар көптеген құнды ақпараттар біліп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алды.