Атырау облысы әкімінің орынбасары Д.Шамұратов басқарма қызметкерлерімен кездесті

Атырау облысы әкімінің орынбасары Д.Шамұратов басқарма қызметкерлерімен кездесті

Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов облыстық Ішкі саясат басқармасының ұжымымен кездесіп, басқарма құрамымен танысты және алдағы уақытта бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс жасауға сенім білдірді.

Өз кезегінде, басқарма басшысы Гүлнұр Сүйеуова басқарма мен оған қарасты мекемелердің негізгі міндеттері мен қызметтерін түсіндіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу барысында Д.Шамұратов 25 қазан – Республика күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мереке қарсаңында жұмыс барысында жоғары жауапкершілік танытып, белсенділігімен ерекшеленген бір топ қызметкерлерге арнайы Алғыс хаттар табыс етті.

Соның ішінде, Жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Айдар Жален Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, басқарма мен оған қарасты мекеме қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның, Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтің Алғыс хаттары табысталды.

Осы ретте, әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтай отырып, қызметтеріне сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, бағындырар белестеріңіз биік болсын!