
Атырауда облыстық Жайдарман ойындары Жоғары лигасының ІІ-кезеңі өтеді. Ойынға І-кезең нәтижесінде іріктеліп, арнайы 4 тәлімгермен дайындық жүргізген 10 команда қатысады. ІІ-кезеңде әр тәлімгердің командалары бір-біріне қарсы батл форматында сайысқа түседі.
Өтетін күні: 27 тамыз
Сағат: 19:30
Өтетін орны: APEC PetroTechnic колледжі (акт залы) | Елорда 24
Кіру: ТЕГІН
Іс-шара өтетін залға кірерде төмендегі талаптарды ескерсеңіздер:
- сырт киім және бас киіммен кірмеу;
- сусын және тағам алып келмеу;
- ойын аяқталғанша орныңызда отыру;
- жас шамасына шектеу, яғни Премьер лига ойындарына 7 жастан жоғары көрермендерге рұқсат етіледі.
Айта кетейік, «Жоғары лига» ойыны Battle форматында өтіп, кемінде арнайы 4 ойыннан тұрады. Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Жайдарлы жастарға жанкүйер болып, талантты әзілкештерімізді қолдауға шақырамыз!