«Жас толқын» лигасының 1/4 ширек финалына 7 команда жолдама алды

«Жас толқын» лигасының 1/4 ширек финалына 7 команда жолдама алды

Атырауда облыстық Жайдарман ойындары «Жас толқын» лигасының 1/4 ширек финал сайысы өтеді. Ойынға 1/8 финалы нәтижесінде іріктелген 7 команда қатысады.

Ширек финалда командалар «Сәлемдесу» және «Жамбы ату» сайыстары бойынша бақ сынасып, келесі кезең - 1/2 жартылай финалға жолдама алады. Командалар әділ-қазы алқаларының берген бағалары нәтижесінде анықталады.

Өтетін күні: 26 тамыз
Сағат: 19:30

Мекен-жайы: APEC PetroTechnic колледжі (акт залы) | Елорда 24
Кіру: ТЕГІН

Іс-шара өтетін залға кірерде төмендегі талаптарды ескерсеңіздер:
- сырт киім және бас киіммен кірмеу;
- сусын және тағам алып келмеу;
- ойын аяқталғанша орныңызда отыру;
- жас шамасына шектеу, яғни, Премьер лига ойындарына 7 жастан жоғары көрермендерге рұқсат етіледі.

Айта кетейік, «Жас толқын» лигасы 1/8, 1/4, 1/2 және Финалдық сайыстардан тұрады. Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Жайдарлы жастарға жанкүйер болып, талантты әзілкештерімізді қолдауға шақырамыз!