Халықаралық Жастар күніне орай «Oqyp jarys» кітап оқу сайысы өтті

Халықаралық Жастар күніне орай «Oqyp jarys» кітап оқу сайысы өтті

Халықаралық Жастар күніне орай «Atyrau Jastar Fest-2024» аясында Абай Құнанбаевтың 179 жылдығына орай «Oqyp jarys» атты кітап оқу сайысы өтті.

Іс-шарада жастар жазушы, «Кейіпкер» кітабының авторы Бақтыгүл Сәрмековамен жүздесті. Қатысушылар қаламгермен сырлы сұхбат құрып, кітап оқу мәдениеті, жазушылықтың қыр сыры және тағы басқа сұрақтарға жауап тапты.

Кездесу соңы кітап оқудан білімділікті сынайтын байқауға жалғасты. Мұнда қатысушылар Абайдың қара сөздері және Вавилондағы ең бай адам кітабы бойынша әзірленген 60 сұраққа кахот тест бағдарламасы арқылы жауап берді.

Қырыққа жуық үміткер қатысқан сайыста @atyrau_university-нің 4 курс студенті Ринат Мұқанов топ жарып, 46103 ұпайымен бірінші орынды еншіледі.

Еске салайық, іс-шараны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Жеті Жарғы” қоғамдық қоры ұйымдастырды.