
30 шілде күні, сағат 19:30-да Атырау облыстық Жайдарман ойындары «Жас толқын» лигасының 1/8 финалы өтетінін хабарлаймыз!
Сайысқа фестиваль қорытындысы негізінде жасақталған топтар қатысып, бекітілген ойын форматы мен ережесіне сәйкес өнер көрсетеді. Келесі кезеңге өтетін командалар әділ-қазы алқасының қойған бағалары нәтижесінде пайыздық көрсеткішпен анықталады.
Өтетін орны: APEC PetroTechnic колледжі (акт залы) , Елорда 24
Кіру: ТЕГІН
Іс-шара өтетін залға кірерде келесідей талаптар қойылады:
- сырт киім және бас киіммен кірмеу;
- сусын және тағам алып келмеу;
- ойын аяқталғанша орныңызда отыру;
- жас шамасына шектеу, яғни Премьер лига ойындарына 7 жастан жоғары көрермендерге рұқсат етіледі.
Айта кетейік, «Жас толқын» лигасы 1/8, 1/4, 1/2 және Финалдық сайыстардан тұрады. Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Жайдарлы жастарға жанкүйер болып, талантты әзілкештерімізді қолдауға шақырамыз!