Бүгін, 1 наурыз - Алғыс айту күні!

Бүгін, 1 наурыз - Алғыс айту күні!

Бұл күн - Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған. Еліміздің көпұлтты мемлекет ретіндегі ынтымақшылдығы мен достастығының символы, қонақжайлылығының көрсеткіші ретінде атап өтіледі. Алғыс айту күні елімізде 2016 жылдан бастап тойлануда.

Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс тойланатын мереке қазақстандықтардың бір-біріне деген бауырмалдылығын арттырып, арадағы сыйластықты нығайтуға ықпал  етеді. Ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптейді.

Сондай-ақ, аталмыш мереке - еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн. Бұл күн өткен тарихты еске ала отырып, бүгінгі береке-бірліктің маңызын біліп, қадірін түсіне отырып атап өтіледі.

Осы орайда, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының ұжымы сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды! Отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Қазақ елінің әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең болып, қарыштап дамуына әрқайсысыңыздың қосар үлестеріңіз зор! Халық арасындағы татулық пен бірлікті сақтай отырып, елімізді бірге көркейтейік!