Осыдан бірер жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды еріктілер жылы - деп жариялап,
"Еріктілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ниеті дұрыс жандар"- деп өз бағасын берген болатын.
Қайырымдылық ата-бабамыздың қанында бар қасиет. Бір - бірімізге қолғабыс ету, қайырымдылық жасау парызымыз іспеттес қалыптасқан.
Бүгінгі волонтерлардың біразы студент жастар. Жоғары оқу орындарында, колледждерде белсенді жастардан тұратын волонтерлар штабтары жұмыс жасайды.
«Ерік дегеніміз – қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал» - деген Бауыржан Момышұлының сөзін ұстаным еткен волонтерлер жасай берсін!
Мереке құтты болсын!