Облыстық ішкі саясат басқармасы аудан жастары үшін «Basqosu camp» лагерін ұйымдастырды.50-ден астам жас қатысқан ерекше шара «Шеврон» компаниясы мен «IhubAlmaty», «Key transform» ҚҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды.
Лагерь аудан жастарының өзара байланысын нығайтып, олардың арасындағы ұйымшылдық пен шығармашылық ортаны қалыптастыру мақсатында өткізілді. Жастар шараға белсенді қатысты. Өңірге белгілі коуч-тренер Бағлан Маратұлы жүргізген тренинг барысында олар өздерінің жан-жақты екендіктерін көрсете білді - дейді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Жәрдемқызы.