"Dombyra Party"

"Dombyra Party"

Атырауда Ұлттық домбыра күніне орай облыстық ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Dombyra Party" шарасы өтті.
Халқымыздың қос ішекті домбырасын ұлықтау, ұлттық музыканы насихаттау мақсатында ашық аспан астында өткізілген шараға қала тұрғындары белсенді қатысты.
"Шара өз мақсатына жетті - деп ойлаймыз. Саябақта серуендеп жүрген жастар ортаға шығып өнерлерін көрсету үшін кезекке тұрды. " - дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекарыс Закария.