АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 20 ЖЫЛ.

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 20 ЖЫЛ.

АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 20 ЖЫЛ.

Басқарма қызметінің негізгі мақсаты - облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және қолдау.

Құзіреттіне облыстағы қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялардың, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, құқық қорғау, діни, жастар және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметіне қатысты мәселелер кіреді.

Сонымен қатар басқармаға жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оны өткізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау, сондай-ақ облыстық БАҚ қызметін үйлестіру функциялары жүктелген.

Басқарманың құрылғанына 20 жыл толуына орай әр жылдары басқармада еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Облыс әкімдігінің "Алғыс хатымен" 1998-2002 жылдары Атырау облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы қызметін атқарған Болат Қожиев, 2016-2022 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Злиха Таласбекова, басқармаға басшылық еткен Әсия Қыстаубаева, Кеңес Қосыбаев және тағы да басқа еңбек ардагерлері марапатталды.