Облыс әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысы.

Облыс әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі  Кеңес отырысы.

"Жасыл ел" бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр ма? Жасөспірімдер мен жастар арасында суицидтің және нашақорлықтың алдын-алу жұмыстары қандай деңгейде? Жастарды қолдауға арналған бағдарламалар толыққанды насихаттала ма?

Осы және өзге де мәселелер облыс әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында талқыланды. Кеңесте өңірдегі жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова баяндама жасады.

Гүлнұр Сүйеуованың айтуынша биыл «Жастар тәжірибесіне» 877, «Алғашқы жұмыс орнына» 91 жасқа жолдама беру жоспарланса, күні бүгінге 932 жас тәжірибе жинақтауда.

Жыл ішіндегі 42 бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 2500-ге жуық жұмыссыз жастар қатысып, 540-ы тұрақты жұмысқа орналасқан.