Атырау облысы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес отырысы.

Атырау облысы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес отырысы.

Атырау облысы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес отырысында облыс бойынша 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы және 2023 жылға жоспарланған жобалар туралы мәселе қаралды.

   Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ең төмен көрсеткіш Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттауға бөлінген.Тарихи-мәдени мұраны қорғау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу, азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу бағытында да кемшін тұстар байқалады.

    Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде атқарылатын жұмыстарды жандандыруды тапсырды.