Бақытгүл Хаменова бір топ атыраулық азаматқа «Халық алғысы» медалін тапсырды

Бақытгүл Хаменова бір топ атыраулық азаматқа «Халық алғысы» медалін тапсырды

«Халық алғысын» алғандар арасында журналистер, пандемиямен күреске қарсы құрылған Атырау облыстық штабында еңбек еткен мамандар бар» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Короновирус дертімен жан алып, жан беріскен арпалыста алдымен дәрігерлер, одан соң тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің өкілдері табандылық пен жанқиярлықтың тамаша​ үлгісін көрсете білді.
Олардың қызметін жан-жақты көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де ерекше көзге түсті. Көптеген журналистер осы індетпен күрестің алғы шебіне, яғни, емдеу мекемелеріне аяқтай барып, уақытпен санаспай атқарылып жатқан жанкешті шараларды көздерімен көріп, оқиға орындарынан тікелей репортаждар жүргізді. Олар кәсіби мамандықтарына адал болып, өз өмірлерін қатерге тіге жүріп, патриоттық рухты бәрінен де жоғары қойғанын көзіміз көрді» деген Бақтыгүл Хаменова марапат иелерін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметовтің  атынан құттықтады.  
«Халық алғысы» медалімен марапатталғандардың арасында «Атырау-Ақпарат» ЖШС-сі директорының орынбасары Серік Қабдолов, ​ «Хабар24» арнасының Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Әлия Жамитова, atr.kz сайтының бас редакторы Баян Жанұзақова, «Ақжайық» газетінің журналисі Зүлфия Искалиева, «Атамекен бизнес» арнасының Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Динара Бағытова, «Каспиан ньюс» арнасының журналисі Карина Дуржанова, Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің фототілшісі Расул Серіков, «Атырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз Тілеухан және ​ М.Өтемісұлы атындағы Академиялық қазақ драма-теарының қоюшы режиссеры Жанат Телтаев бар.