
Study Tour бағдарламасы аясында Баку қаласындағы заманауи инновациялық кеңістік – SABAH.city алаңында Baku ID 2026 халықаралық инновациялық фестивалі өтті. Іс-шара барысында стартаптар, технологиялар, инновациялар және кәсіпкерлік салаларындағы жаңа жобалар таныстырылып, сарапшылардың пікірлері мен тәжірибелері ұсынылды.
Қатысушылар инновациялық экожүйені дамыту, жаңа технологиялар және перспективалы мүмкіндіктерге арналған панельдік пікірталастар мен презентацияларға қатысып, тәжірибе алмасты. Фестиваль жаңа идеялармен танысуға, кәсіби байланыстар орнатуға және инновациялық даму бағыттары бойынша пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.