Атырауда 6 үкіметтік емес ұйым «Qoldaý» грантына ие болды

Атырауда 6 үкіметтік емес ұйым «Qoldaý» грантына ие болды

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Qoldaý» облыстық байқауы қорытындыланды. Байқауға қатысқан 28 ұйым өз жобаларын қорғап, оның ішінде 6 ұйым 2 000 000 теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

Жеңімпаздар қатарында «Ерекше ана – Ерекшем 16 +» қоғамдық қорының «Ерекше білім!», «Атырау облысының спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігінің «Jaiyq Eco-Fishing» және «ECODAMU» қоғамдық қорының «EcoQadam: таза қала – жасыл болашақ!» жобасы бар.

Сондай-ақ «Кәсіпқой жауынгерлік клубы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлттық спорт – тең мүмкіндік», «Нұртамшы» қоғамдық қорының «QazMura Lab – ауыл мұрасын цифрландыру зертханасы» және «Ұлы Мақсат» қоғамдық қорының «Сағыз спорт» жобасы да үздік деп танылды.

Байқауды Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ ұйымдастырды. Негізгі мақсат – әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларына мүмкіндік беру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру.

Айта кетейік, «Qoldaý» облыстық байқауы 2021 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында 107 өтінім түсіп, 21 үкіметтік емес ұйымға жобаларын жүзеге асыру үшін жалпы 33,9 миллион теңге көлемінде грант берілген.