
Атырау қаласында «TUNGI RUN-2026» түнгі марафоны ұйымдастырылып, оған 500-ден астам тұрғын қатысты. Биыл екінші рет өткен спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және нашақорлық пен лудоманияның алдын алуға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау.
Қатысушылар 3 және 5 шақырым қашықтықта бақ сынады. Түнгі форматтағы жарыс кешкі қаланың ерекше атмосферасын сезінуге мүмкіндік беріп, шараның сәнін келтірді.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Марафонды 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры ұйымдастырды.