Тауман Амандосов атындағы облыс әкімінің сыйлығына арналған байқауға өтінім қабылдау басталды

Тауман Амандосов атындағы облыс әкімінің сыйлығына арналған байқауға өтінім қабылдау басталды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы қазақ журналистикасының негізін салушы, профессор Тауман Салықбайұлы Амандосов атындағы облыс әкімінің сыйлығына арналған байқауға өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.

Байқау номинациялары:

  • «Үздік бұқаралық ақпарат құралы» – Атырау облысында тіркеліп, қызметін жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары арасында беріледі, сыйақы мөлшері: 1 000 000 теңге;
  • «Ақпарат айнасы» – 35 жастан асқан тәжірибелі журналистерге арналған номинация, сыйақы мөлшері: 500 000 теңге;
  • «Үздік жас журналист» – 35 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жас журналистер мен авторларға арналған номинация, сыйақы мөлшері: 500 000 теңге.

Байқауға кімдер қатыса алады?

  • Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында кәсіби қызметін жүзеге асырып жүрген журналистер;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек өтілі бар Атырау облысының сала ардагерлері;
  • Атырау облысының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын БАҚ редакциялары.

Өтінімдер 2026 жылдың 15 шілдесіне дейін (қоса алғанда) tauman.kz ресми сайты арқылы қабылданады.

Қосымша ақпарат https://tauman.kz/ сайтында көрсетілген және +7 (747) 568-90-32 нөмеріне Whatsapp мессенджері арқылы хабарласа аласыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСУ СҰРАЛАДЫ!