
«Isker adamdar» – жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруіне мүмкіндік беретін жоба.
Жоба аясында қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты қаржылай және тәжірибелік қолдауға ие болады. Атап айтсақ, 50 қатысушыға өз кәсібін бастауға қажетті құрал-жабдықтар алуға арналған 200 000 теңге көлемінде тауарлық грант қарастырылған.
Сонымен қатар, 10 үздік қатысушыға 350 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі. Бұдан бөлек, жоба шеңберінде 10 бағыт бойынша тегін кәсіби оқыту курстары ұйымдастырылып, тәжірибелі кәсіпкерлердің қатысуымен нетворкинг кездесулер мен топтық тренингтер өткізіледі.
Жобаға 18-34 жас аралығындағы, қазіргі уақытта ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген және жеке кәсіпкерлігі жоқ жастар қатыса алады. Іріктеу барысында NEET санатындағы жұмыссыз жастарға басымдық беріледі.
Жобаға қатысу үшін үміткерлер @isker_adamdar Instagram парақшасындағы сілтеме арқылы онлайн сауалнаманы толтыруы қажет.
Қосымша ақпарат үшін +7 (702) 710-84-88 нөмеріне байланыса аласыз.
Айта кетейік, жоба облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «4 власть» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.