
Атырауда «Өзгеріс көшбасшылары 3.0» жобасы аясында жас саясаткерлер Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлымен кездесті.
Кездесу барысында Нұрлыбек Жеңісбекұлы мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жастарға кәсіби бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, ашық диалог форматында пікір алмасты. Бұл кездесу жас көшбасшылар үшін мотивация беріп, жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік жасады.
⁃ Кез келген жоба басталғанда нәтижеге жұмыс жасаймыз. Жастар мәслихаты – облыстық мәслихат жанындағы жастарға арналған ұйым, яғни бұл болашақ депутаттыққа резерв. Мұнда жастар тәжірибе жинап, кейін облыстық мәслихатқа сайлауға түсуге мүмкіндік алады, - деді Н. Жеңісбекұлы.
Жоба жастар арасынан жаңа көшбасшыларды анықтауға, олардың кәсіби және жеке қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына бағытталған.
Биыл жобаға 81 үміткерден өтініш түсіп, арнайы комиссия іріктеу нәтижесінде 30 жас қатысушыны анықтады. Қатысушылар алдағы оқу кезеңінде 4 модульден тұратын білім беру бағдарламасы аясында республикалық деңгейдегі сарапшылардан дәріс алады.
Жобаның ұйымдастырушылары – Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы және «Жастар Рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалы.