«Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігіне 35 жыл толды

«Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігіне 35 жыл толды

Атырауда «Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігінің құрылғанына 35 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік кешке 500-ден астам адам қатысты. Оның ішінде, Қазақстан корейлері қауымдастығының делегациясы, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы Корей мәдени орталығының өкілдері мен Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларынан келген арнайы қонақтар бар.

Салтанатты шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, бірлестіктің өңірдегі қоғамдық келісім мен мәдени әртүрлілікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында Қазақстандағы Корея Республикасы Елшісінің міндетін атқарушы С.Кюхоның атынан бірлестік мүшелеріне корей мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хаттар табысталды.

Көрермендер назарына форматтағы театрландырылған концерттік бағдарлама ұсынылып, қойылымда корей халқының тарихи тағдыры, депортация кезеңіндегі қиындықтар, ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылықтары бейнеленді. Бағдарлама аясында дәстүрлі корей өнері — самульнори, ұлттық билер, вокалдық және хореографиялық қойылымдар, сондай-ақ таэквондо шеберлерінің өнері көрсетілді.