Атырауда тәуелділік мәселелері бойынша тәулік бойы колл-орталық қызмет етеді

Атырауда тәуелділік мәселелері бойынша тәулік бойы колл-орталық қызмет етеді

Есірткіге немесе ойынқұмарлыққа тәуелді азаматтарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында 24/7 режимінде қызмет көрсететін тегін колл-орталық жұмыс жасауда.

Қоңыраулар анонимді түрде қабылданады және барлық ақпарат құпия сақталады!

Байланыс нөмірі: +7 (771) 127-77-00

Аталған қызмет қиын жағдайға тап болған азаматтарға дер кезінде кәсіби көмек алуға мүмкіндік береді.

Сіздің жаныңызда әрқашан қолдау бар екенін ұмытпаңыз. Байланысқа шығу – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам!