
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов «Жаңа прогрессивті Конституция – бірлігіміздің негізі» тақырыбында өңір жастары және жас журналистермен кездесу өткізді. Басқосуда ел дамуы мен қоғамдағы жастардың рөлі, сондай-ақ өңірдегі бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
⠀
Кездесу барысында жаңа Конституцияның маңызы, оның елдегі демократиялық өзгерістерге ықпалы және азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі де сөз болды. Сондай-ақ Конституциялық реформалар аясында жүзеге асырылып жатқан жаңашыл бастамалар мен олардың жастар үшін ашып отырған мүмкіндіктері талқыланды.
⠀
Кездесу барысында аймақ басшысының орынбасары жастардың бастамалары мен ұсыныстарын тыңдап, олардың пікірлері өңірдің дамуына маңызды екенін айтты. Еркін форматта өткен жиында жастар қоғамдағы өзекті тақырыптарды көтеріп, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.
⠀
Атап айтқанда, жиын барысында Атырау облысында спорт саласын дамыту, жас спортшыларға жан-жақты қолдау көрсету мәселесі қозғалды. Сонымен қатар, жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, өнертапқыш жастардың басын қосатын арнайы орта қалыптастыру, сондай-ақ мәдениет саласын қолдау және дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.
⠀
Дарын Шамұратов жастардың белсенділігі мен бастамашылдығын жоғары бағалап, олардың идеялары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететінін жеткізді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.