
Салтанат сарайында өткен мерекелік іс-шарада көрермендерге жасанды интеллектінің көмегімен сахналанған ата мен бала арасындағы тағылымды диалог ұсынылды. Қойылым арқылы Алғыс айту күнінің мәні, қоғамдағы татулық пен бірліктің құндылығы жеткізілді.
Жиынға облыстағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Алғыс айту күніне орай мерекелік концерт те ұйымдастырылды.
Концерт барысында этномәдени бірлестіктердің, мәдениет саласы мен аудандардың шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Көрермен қауым ұлттық ән мен биді, дәстүрлі музыкалық туындылар мен сахналық қойылымдарды тамашалады.