Атырауда дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай салтанатты жиын өтті

Атырауда дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай салтанатты жиын өтті

27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аясында өткен жиынға жергілікті атқарушы орган өкілдері, мәслихат депутаттары мен ҮЕҰ жетекшілерінен 100-ге жуық адам қатысты.

Іс-шарада жас ұйымдар арасында өткен «Үздік ұйым» байқауының жеңімпаздары марапатталып, бес ұйымға 200 000 теңгеден қаржылай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, «Әлеуметтік спринт: 180 минут ішінде идеядан жобаға дейін» хакатонының қорытындысы бойынша үздік атанған үш командаға 300 000 теңгеден қолдау көрсетілді.

Салтанатты жиын соңында бірқатар ұйымдарға Атырау облыстық мәслихаты мен Азаматтық Альянсы атынан алғыс хаттар берілді.