
Жасанды интеллектінің мемлекеттік басқару мен заң шығару саласына ықпалын талқылауға арналған «AI + Парламент» атты футуристік дискуссия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын заң жобаларын талдау, үлкен деректермен жұмыс істеу, шешім қабылдау сапасын арттыру және парламент қызметінің ашықтығы мен тиімділігін күшейту бағытында қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, цифрлық трансформация жағдайында депутаттардың, мемлекеттік органдардың және жастардың жаңа рөліне ерекше назар аударылды. Пікірталас аясында этикалық жауапкершілік, дербес деректерді қорғау және жасанды интеллектіні қоғам игілігіне тиімді пайдалану мәселелері көтерілді.
Аталған дискуссия технологиялық даму мен мемлекеттік басқару жүйесінің өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік беріп, заманауи сын-қатерлерге бейімделудің жаңа тәсілдерін айқындауға бағытталды.