
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Махамбет ауданында жастарға арналған «Киберқылмыс және нашақорлықпен күрес» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Іс-шараны Атырау облысы Полиция департаменті мен облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Құқықбұзушылықтың алдын алып, есірткіден сақтану және интернет алаяқтықтан қорғану жолдарын түсіндіру мақсатында өткен кездесуге 100-ден астам жас қатысты.
Жиын барысында сала мамандары жастарға есірткі қылмыстарының алдын алу, интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері, жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау, цифрлық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ақпарат берді.