
Қоғамдық келісім мекемесінің ұйымдастыруымен интернет-алаяқтықтың алдын алу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, киберқауіпсіздікті күшейту және жеке әрі қызметтік ақпаратты қорғау мәселелері бойынша баяндамалар жасалды. Спикерлер нақты мысалдар келтіре отырып, қаытсушыларды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарауға шақырды.
Сондай-ақ интернет-алаяқтықтың кең таралған әдістері, азаматтардың жеке және қаржылық деректерін қорғау жолдары, киберқауіпсіздікті сақтаудың негізгі ережелері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, Ақсақалдар және Аналар кеңестерінің өкілдері мен Ассамблея жастарынан 100-ге жуық адам қатысты.