
«Fun Time» ауыспалы пікірсайыс кубогы аясында «Бұл кандидат қазақ тарихындағы ең үздік әдебиетті атайды» тақырыбында Линкольн–Дуглас форматындағы пікірсайыс ойыны өтеді.
Сайысқа FARABI International School мектебінің тарих пәні мұғалімі Қуандық Ғайноллаев пен Атырау облысы Жастар мәслихатының депутаты Асухан Назымбеков қатысып, бақ сынайды.
Пікірсайыс барысында қатысушылар қазақ тарихындағы ең үздік әдеби шығармаларға тоқталып, ұлттық руханияттың қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан туындыларды талқылайды. Сонымен қатар аталған еңбектердің тарихи сананы нығайтудағы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы айтылады.