
Атырауда «Құқықтық кеңес беру орталығының жылдық жұмысының қорытындылары мен даму бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырыста орталықтың 2025 жылғы жұмысы қорытындыланып, өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы мәселелер қаралды.
Жыл қорытындысы бойынша орталыққа 5000-нан астам азамат құқықтық көмек алу үшін жүгінген, оның ішінде 550 адам аудан тұрғындары. Жастармен жұмыс барысында 1176 студентке құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1473 азаматқа психологиялық қолдау көрсетілген. Сонымен қатар, ажырасуға өтініш берген 762 жұптың 141-і татуласты.
Жиын қорытындысында құқықтық және психологиялық көмек көрсету, ажырасудың алдын алу мен құқықтық мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ, орталық қызметін жетілдіру мақсатында мамандардың біліктілігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және серіктестік байланыстарды кеңейту жөнінде ұсыныстар айтылды.
Еске салайық, аталған жоба Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2024 жылдан бастап жүзеге асырылуда.