
Атырау қаласында «Светоч Атырау» славян этномәдени бірлестігінің «Өз үйіміздің шаңырағы астында» атты есептік концерт-көрмесі өтті.
Көрмеде тұрмыстық бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық киімдер, символдар мен өрнектер арқылы славян халқының бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтары кеңінен таныстырылды. Ұсынылған экспонаттардың 80%-ға жуығы бірлестік мүшелерінің қолымен жасалған бұйымдар.
Кештің концерттік бағдарламасы славян этносының бірегей болмысын айшықтайтын «Мы славяне» әнімен ашылды.
Іс-шара барысында «Светоч Атырау» славян этномәдени бірлестігінің жыл бойы атқарған жұмыстары таныстырылып, жүзеге асырылған мәдени-ағартушылық жобалар мен бастамалары қорытындыланды.