
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық волонтерлер күніне орай «Volunteer Awards – 2025» облыстық марапаттау кеші өтті.
Салтанатты шара қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан белсенді волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегін жоғары бағалап, әлеуметтік маңызы бар бастамаларды қолдау, волонтерлік қызметтің қоғамдағы беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жыл бойы қоғам игілігі жолында қызмет етіп, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және қайырымдылық бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген 6 үздік волонтер мен волонтерлік ұйым арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Атап айтқанда, «Үздік эко-волонтер» номинациясы Ляззат Шұғайға, «Үздік волонтерлік ұйым» атағы «XYZ» ұйымына, «Үздік волонтерлік жоба» – «Bala Space» жобасына берілді. Сондай-ақ Ризабек Амантайұлы – «Үздік волонтерлік қызметті қолдаушы», Ажар Құспантаева – «Үздік корпоративтік волонтерлік көшбасшы» және «Birge Qadam» Жылыой ауданының волонтерлік тобы – «Үздік аудандық волонтерлік ұйым» номинациямен марапатталды.
Сонымен қатар, белсенді күміс және жас волонтерлерге облыс әкімі орынбасарының, Ішкі саясат басқармасының, облыстық мәслихаттың және Атырау қаласы әкімінің атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.
«Volunteer Awards – 2025» кеші өңірдің белсенді жастарын ынталандырып, волонтерлік қызметтің қоғамдағы маңызын көрсетуге бағытталды.