
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік!» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Байқау балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өтті. Бұл бастама қоғамның зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы ортақ ұстанымын нығайтуға бағытталды.
Қорытындылай келе, 10 сынып оқушылары Арайлым Батырғали І орынды, Адема Сабирова ІІ орынды және 11 сынып оқушысы Дана Юсуп ІІІ орынды иеленді.
Байқау барысында оқушылар өз шығармашылық жұмыстары арқылы зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын бейнелеп, саналы азаматтық ұстанымдарын танытты. Іс-шара облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.