
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттайтын үздік журналистік жұмыстар байқауын жариялайды.
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған байқау бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған үздік материалдарды анықтауға бағытталды.
Байқауға Атырау облысында тіркелген БАҚ және олардың тілшілері, облыста жұмыс істейтін штаттан тыс журналистер қатыса алады.
Номинациялар:
Әр номинацияның жеңімпазына арнайы диплом мен 300 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.
Байқауға 2025 жылдың 1 қаңтары мен 16 желтоқсаны аралығында жарық көрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады.
Қатысу үшін құжаттар мен материалдарды 16 желтоқсанға дейін isbatyrau@gmail.com электрондық поштасына немесе Атырау қаласы, Әйтеке би 77 көшесі, облыстық әкімдік ғимаратының 412 кабинетіне пошта арқылы жолдай аласыз.
Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/935398?lang=kk
Байланыс телефондары: 8 (7122) 35-42-08, 35-40-88.