Атырауда «Біз таңдаған жол» волонтерлік жобасы қорытындыланды

Атырауда «Біз таңдаған жол» волонтерлік жобасы қорытындыланды

Халықаралық волонтерлер күніне орай Азаматтық орталықтың бастамасымен «Біз таңдаған жол» жобасының қорытынды шарасы өтті. Кездесу Махамбет ауданындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылып, өңірдің 40-қа жуық күміс волонтері қатысты.

Бағдарлама аясында журналист және медиа-тренер Салтанат Оңғардың қатысуымен «Біз таңдаған жол: жақсылыққа бағыт» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Қатысушылар көшбасшылық, тиімді коммуникация, эмоционалдық интеллект және командамен жұмыс бағытында практикалық дағдыларын жетілдірді.

Жиын барысында «Үздік күміс волонтер» жобасының жеңімпаздары марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Іс-шара соңында волонтерлер музей-қорық нысандарымен танысып, тарихи-мәдени мұраларды аралады.