«Student Awards – 2025» жобасының үздіктері марапатталды

«Student Awards – 2025» жобасының үздіктері марапатталды

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Atyrau Students Union» жобасы аясында өңірдің белсенді студенттері мен білім беру ұйымдары марапатталды.

Биыл жоба аясында «Stud Fest», «Mister&Miss ASU», «Jastar Hub», «ASU Basqosu», «ASU Quiz», «SMM Lab» және «Облыстық Студенттер слеті» сияқты іс-шаралар ұйымдастырылды .

Қорытынды кеште осы шараларға белсенді қатысып, үздік деп танылған жастар мен білім беру ұйымдары келесі номинациялар бойынша марапатталды:

  • «Үздік оқу орны» – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі;
  • «Үздік студент» – Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенті Ердәулет Кизатуллин;
  • «Үздік аудандағы оқу орны» – С.Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі;
  • «Үздік жастар ісі маманы» – Айболат Сексенбаев, Атырау жоғары медицина колледжі;
  • «Жыл серпілісі» – Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі;
  • «Үздік аудандағы жастар ісі маманы» – Балғын Мырзахметова, Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі;
  • «Үздік интеллектуалды оқу орны» – О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі;
  • «Үздік креативті оқу орны» – С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі;
  • «Ең белсенді оқу орны» – Атырау индустриялды колледжі;
  • «Үздік шығармашыл оқу орны» – Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі;
  • «Ең жігерлі оқу орны» – Атырау сервис колледжі;
    «Үздік дебют» – APEC PetroTechnic жоғары колледжі;
  • «Үздік студенттік ұйым» – С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті.

Айта кетейік, іс-шара студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға үлес қосып, жастар саясатының дамуына атсалысып жүрген дарынды жастарды және оқу орындарын қолдау әрі ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.