
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының облыстық Жастар ресурстық орталығының мен Атырау Мансап орталығының ұйымдастыруымен 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – өңір жастарының еңбек нарығына бейімделуіне жағдай жасай отырып, жұмыс берушілер мен іздеушілер арасындағы өзара байланыс орнату.
Жәрмеңкеге 35-ке жуық мекеме қатысып, 300-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Қатысушылар түрлі салалар бойынша түйіндемелерін тапсырып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды.
Жұмыс іздеушілер тарапынан мұнай және энергетика саласы, инженерлік бағыт, көлік жүргізушісі, педагогика және ақпараттық технологиялар мамандықтарына қызығушылық байқалды. Жалпы жәрмеңке барысында 200-ге жуық жас азамат өз түйіндемесін қалдырды.
Жәрмеңкеге қатысушылар санының артуы – жастардың еңбек етуге белсенділігі мен жұмысқа орналасуға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.