
Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен жас отбасылар!
«Отбасы институтын дамыту» жобасы аясында Қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Оразкүл Асанғазымен «Отбасы берекесі» тақырыбында тағылымды кездесу өтеді.
Бұл кездесу – шаңырақ көтеріп, жаңа өмірге қадам басқан жас отбасыларға арналған рухани сұхбат алаңы.
Іс-шара отбасы мәдениетін қалыптастырып, берекелі өмірдің құндылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда. Өйткені, отбасы – қоғамның алтын діңгегі, адам өмірінің мәні мен берекесі.
Әрбір жас отбасының бойында өзара сыйластық пен ынтымақ сезімін қалыптастыру – ортақ міндетіміз. Осы мақсатта ерлі-зайыптыларды кездесуге бірге қатысуға шақырамыз!
Кездесуге қатысу үшін алдын ала тіркелу міндетті: 8 (778) 118-19-83
Өтетін күні: 29 қазан, сағат: 19:30
Өтетін орны: Абай орталығы
Еске салайық, «Отбасы институтын дамыту» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жаныңдамын» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен іске асырылуда.