
Облыстық Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде 18-35 жас аралығындағы жастарға арналған «Сенің бастамаң» гранттық жобасы өз мәресіне жетті7
Биылғы байқауға 60-қа жуық жоба ұсынылды. Соның ішінде 42-сі іріктеу кезеңінен өтіп, қорытынды кезеңде комиссия алдында өз бастамаларын қорғауға мүмкіндік алды. Қорытынды отырысқа 38 қатысушының жобасы ұсынылып, олардың ішінен 10 үздік жоба жеңімпаз деп танылды.
Әлеуметтік бағыттағы ең жақсы жобалардың авторлары 500 мың теңгелік сертификаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында қатысушылар өз жобаларының өңір жастарының дамуына үлес қосатынын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.