Азаматтық форум аясында 4 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Азаматтық форум аясында 4 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді

Атырау облысының ХІІ Азаматтық форумының екінші бөлігінде фасилитатор, «Әлеуметтік инноваторлар» қауымдастығының президенті Гүлмира Пармышева әлеуметтік жобалар жазу бағытында семинар өткізіп, жоба жасақтау бойынша бағыт-бағдар берді.

Қатысушылар 4 әлеуметтік сала бойынша жобалар әзірлеп, көпшілік алдында таныстырды. Барлығы 17 жоба ұсынылып, 50-ден астам белсенді атсалысты.

Семинардан кейін жобалар арнайы комиссия арқылы қаралып, әр саладан 4 үздік жоба іріктелді.

Атап айтсақ мәдениет бағыты бойынша «Infilm» инклюзивті-анимациялық киноакадемиясы», білім және ғылым - «Skill Compass – кәсіби бағдар алаңы», денсаулық сақтау – «Social Батыр» және экология бағытында «Eco Maps» жобасы үздік деп танылды.

Жеңімпаз жобалардың әрқайсысы 250 000 теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.

Бұл байқау - азаматтық қоғам белсенділерін әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерге инновациялық шешім ұсынуға ынталандырып, бастамаларына қолдау көрсетуге бағытталды.