«Азаматтық секторды цифрландыру: Үкіметтік емес ұйым үшін трендтер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы ХІІ Азаматтық форумның алғашқы күніне 80-нен астам азаматтық қоғам белсенділері қатысуда.
Форумның мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту, әріптестік пен ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен қолдану болып табылады.
Бүгін қатысушылар цифрлық платформалар, фандрайзинг, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік сияқты 4 бағыт бойынша семинар-тренингтерге қатысты. Республикалық деңгейдегі білікті спикерлер «Digital-State: азаматтық қоғам үшін қолжетімді құралдар», «Онлайн донорлықтан смарт-фандрайзингке: жаңа қаржылық мүмкіндіктер», «AI дәуіріндегі азаматтық қоғам: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» және «Цифрлық қалқан: ҮЕҰ үшін киберқауіпсіздік және деректерді қорғау» тақырыптарында ақпарат берді.
Форумның екінші бөлігінде қатысушылар 4 әлеуметтік сала бойынша өз жобаларын әзірлеп, ұсынады. Үздік деп танылған 4 жоба қаржылай қолдауға ие болады.
Екінші күні форум аясында ҮЕҰ-дың әлеуметтік жобаларының көрмесі, пленарлық отырыстар ұйымдастырылады.