Атырауда «Өзгеріс көшбасшылары» жобасы аясында «Әлеуметтану» бағыты бойынша екі күндік оқыту курсы өтті.
Оқыту барысында қатысушылар қоғамдағы әлеуметтік үдерістерді талдау, әлеуметтанулық зерттеу әдістерін қолдану және көшбасшылық қызметте әлеуметтік ғылымдардың рөлін түсіну бойынша ақпарат алды.
Спикер - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина. Ол өз тәжірибесімен бөлісе отырып, қоғамдағы өзгерістерді сараптаудың ғылыми негіздері мен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызы туралы айтты.
Екі күнге созылған оқыту курсы жастарға әлеуметтік ғылымдарға жаңаша көзқараспен қарап, қоғамдық процестерді терең түсінуге және көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.