Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық идеялар конкурсының екінші кезеңі басталды. Бұл кезең «Шағын кәсіпкерлік» бағытына арналды.
Жобаның мақсаты – өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды қолдау, жастар арасында стартап-мәдениетті дамыту.
28 шілде мен 13 тамыз аралығында хакатонға тіркеу жүргізіліп, барлығы 74 жас өтінім білдірді. Нәтижесінде 50 қатысушыдан құралған 11 команда іріктелді. Хакатон барысында қатысушылар республикалық деңгейдегі кәсіби менторлардың жетекшілігімен екі күн ішінде өз жобаларын әзірлеп, қорғауға мүмкіндік алады.
Менторлар қатарында елімізге танымал маркетолог Ақсұлтан Қалиев, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің бизнес-бағдарламалар офисінің аға менеджері Рысты Исағұлова және A-Pro Group экожүйесінің негізін қалаушы әрі бас директоры Нұрлыбек Аталықов бар.
Айта кетейік, биыл конкурс үш рет өткізіледі. Мамыр айында өткен алғашқы кезең «Білім» тақырыбына арналды. Әр хакатон бойынша жеңімпаз жобаларға арналған жүлде қоры – 1 500 000 теңге.
Жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ақсұңқар» қоғамдық қорының ұйымдастыруда.