AJF: 250-ден астам жас түнгі Атырауды жүгіріп өтті

AJF: 250-ден астам жас түнгі Атырауды жүгіріп өтті

Атырауда Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясында ерекше форматтағы «Tungi run» жүгіру марафоны өтті. Қала көшелерімен өткен спорттық іс-шараға 18 бен 35 жас аралығындағы 250-ден астам адам қатысты. Олар 3 және 5 шақырымдық қашықтықта бақ сынады.

Мәреге жеткен қатысушылар арасында І, ІІ және ІІІ орын иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында арнайы номинациялар да ұсынылды. Атап айтқанда, «Ең көңілді қатысушы», «Ең жас қатысушы» және «Үздік костюмдегі жүгіруші» марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.

Сондай-ақ, Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықтың алдын алу іс-шаралары аясында қатысушы 2 жасқа велосипедтер табыстады.