30-ға жуық компания Атырау жастарына 200 жұмыс орнын ұсынды

30-ға жуық компания Атырау жастарына 200 жұмыс орнын ұсынды

12 тамыз – Халықаралық жастар күні қарсаңында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара 18 бен 35 жас аралығындағы жандарға кәсіби тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік берді. 30-ға жуық өндірістік кәсіпорын, қызмет көрсету компаниялары мен мемлекеттік органдар 200-дей бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге 500-ге жуық жас қатысып, өз түйіндемелерін тапсырды. Жұмысқа орналасқан жастардың тізімі бір апта көлемінде сараланып, жарияланатын болады.