Интеллектуалды сайыс 6 кезеңнен тұрып, тарих, мәдениет, өнер, ғылым және жергілікті таным тақырыптарын қамтыды. Ойынға 14-35 жас аралығындағы жастардан құралған 22 команда қатысты.
Қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін сынап, логикасы мен тапқырлығын көрсетті.
Нәтижесінде, І орынмен «МиLAN» командасы марапатталып, 150 000 теңге қаржылай сыйақыға ие болды. Ал, ІІ орын мен 100 000 теңгені «Sen Q» командасы, ІІІ орын, 50 000 теңгені «Юсуфтың аркадашлары» командасы иеленді. Қатысқан командаларға алғыс хаттар табысталды.
«Atyrau Quiz» – бұл тек білім сайысы ғана емес, жастардың достық, бірлік және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға арналған алаң. Іс-шара өңір жастарының білімге деген қызығушылығын арттырып, сындарлы ойлау қабілеттерін арттыруды көздейді.
Айта кетейік, сайысты Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.