Атырау облысының Полиция департаменті мен облыстық Ішкі саясат басқармасының Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастарға арналған квест ойыны өтті.
Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, және отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Квест барысында қатысушылар қылмысты әшкерелеу, айғақтарды табу, тапсырмаларды шешу және заң аясында әрекет ету дағдыларын көрсетті. Бұл шара – тек ойын ғана емес, жастарға құқықтық білім мен патриоттық рух сыйлаған маңызды жиын болды.